Жалпы қоғамның басты байлығы адам болса, парасатты да тәрбиелі қыздар – қоғамның ортаймайтын ең құнды қазынасы.
«Қыз.Әйел.Ана» – қасиетті ұғымдар, өйткені олар – өмірдің ұрпақ өрбітетін бастау-бұлағы. Ұлттың бар болмысын – тілін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін – ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, бойына дарытатын әйел-ана. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды дәстүрге сүйеніп, уақыт талабына сай тәрбиелеу – ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті.
Тәрбие жоспары бойынша Есбол орта мектебінде 8-11 сынып оқушыларының қыздар арасында "Ерте жүктіліктің салдары " дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсатымыз: қыз баланы ұқыптылық пен тазалыққа, үлкенді сыйлауға, өзін-өзі мәдениетті ұстауға үйрету. Сондай-ақ, қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз балаға тән әдептілік, сыпайылық тәрізді қасиеттерді бойына сіңіру, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстауға шақыру көзделді.
