“Тіл-достықтың тірегі” атты онкүндік аясында 20-қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Тауғыстауованың ұйымдастыруымен 6-сынып оқушыларының қатынасуымен “Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы” тақырыбында ашық тәрбие сағаты болып өтті. Ашық тәрбие сағатының мақсаты:Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру.Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту.









