📌"Тәуелсіз – елдің ұланы" тақырыбындағы апталық барысында 10-11-сынып жетекшілері Б.Халықова мен Р.Хасанова "Тәуелсіздік – таңымыз" тақырыбында патриоттық сабақ өткізді.
📌Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын оқушыларға жете ұғындыру, дүниетанымын кеңейту;
Сабақ барысында Тәуелсіздік хронологиясына арналған презентация, "Желтоқсан тарихы" бейнежазбасы көрсетіліп, оқушыларға "Wordwoll", "QR-код" платформалары арқылы түрлі сұрақтар қойылып, тапсырмалар орындалды. Сонымен қатар патриоттық ән шырқалды.
