💫Тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан
💫Мақсаты: Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Қазақстанның тарихы мен жетістіктерін таныту. Елін сүюге және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
💫Бұл сынып сағаты 11-сынып оқушыларының ел тарихына, мемлекеттік рәміздерге, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерге деген көзқарасын кеңейтуге бағытталды. Оқушылар Қазақстанның болашағына қатысты ойларымен бөлісіп, өздерін елдің дамуына үлес қосатын жас ұрпақ ретінде танытты. Викторина, пікірталас, өлең оқу және шағын бейнеролик көрсету арқылы іс-шара мазмұнды өтті.
Өткізген: Халықова Ботакөз
Сынып: 11
Индер Аудандық Білім Бөлімі
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы




