Skip to content

Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен…

Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай.
Соның бірі біздің мектеп оқушылары үшін орыны бөлек, жанына жақын – күз мезгілі. Иә, көне шаһар төріне басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет.
Мектепке асыққан бала, қоймасын астыққа толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа, еңбекпен біте қайнасқан тірлік күз мезгіліндегі қызықты жайттар. Сондықтан күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады. 
Дәстүрге айналған мектепішілік бастауыш сыныптар арасында өткен "Сыбдыры сұлу, Алтын күз" атты сайыс. Жүлделі орынға ие болған 3-сынып оқушылары Қызанақ тобы Бас жүлде, 1-сынып оқушылары Алма тобы Көрермендер көзайымы, 2-сынып Асқабақ тобы Өнерлі оқушылар, 4-сынып Алмұрт тобы Дарынды оқушылар номинациясымен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *