Салауатты өмір салтын сақтайық!
2021 жылғы 1 шілдеден бастап «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі»
Қазақстан Республикасы Кодексінің темекі бұйымдарын,оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды,қорқорға арналған темекіні,қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді,тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтарды шығарып және ашық көрсете отырып сатуға тыйым салу туралы 110-бабы, 2-тармағының 16) тармақшасы күшіне енді.
Осы заңның 110-бабы 2-тармағының 1),2) тармақшаларына сәйкес «жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға сатуға» және «он сегіз жасқа дейінгі адамдардың сатуына» тыйым салынады делінген. Осыған орай ағымдағы жылдың 22 ақпаны күні мектебіміздің 7-11 сынып оқушыларына мектеп медбикесі А.Кулгалиева «Абайлаңыз вейп» жадынамасын таныстыра отырып,темекісі бар бұйымдарды ,қорқорға арналған темекіні,қорқор қоспасын,темекі қыздыруға арналған жүйелерді ,тұтынудың электрондық жүйелерін пайдаланбау туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Сынып жетекшілер оқушыларға аталмыш тақырыптарда бейнероликтер көрсетті.
@inder_raioo
@inder_rop









