☑️" Мерекеңмен ұстазым"
Есбол орта мектебінің 9-10 сынып оқушылары 1-қазан Қарттар күні және Ұстаздар мерекесіне орай мектебіміздің ардагер ұстаздары Хасанғалиева Қалжан Сағынғалиқызы мен Сұлташева Балсұлу Қанқожақызын мерекелерімен құттықтап қайтты. Ардақты ұстаздарымыздан сыр сұхбат алынып, оқушылар ардагер ұстаздарымыздың 45 жылдық тарихы бар өнегелі еңбек жолымен танысты, өмірлік тәжірибелері мен ақыл кеңестерін алды. Шәкірттеріне мейірім шуағын төгіп, шыншылдығымен өнеге бере білген жаны жомарт, пейілі дархан ұстаздарымыз барлық құрметке лайық! Ғажайып дүниенің сырын ұқтырып, үлкен өмірге ақ жол тілеп аттандырған ұстаздарымызға мәңгі тағзым етеміз!
☑️Сынып жетекшілері Кушенова Болған, Халықова Ботакөз
#Біртұтас_Тәрбие_Атырау
