✨Мектебімізде 8-11 сынып қыздарына “ Бой түзеу-әуелі ой түзеу “ тақырыбында “Қыз Жібек” қыздар клубының отырысы өтті.
✨Мақсаты: қыздарға “Қыз Жібек” клубының жылдық жоспарымен, ондағы атқарылатын жұмыстармен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Жалмукашева таныстырып өтті. Мектеп медбикесі С.Тарғынова ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында “Жыныстық өмір, ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбында түсіндірме жұмыстарын өткізді. Мектеп психологі Б.Кушенова “Мен-өз өмірімнің авторымын” тақырыбында тренинг өткізді.Мақсаты: Қыздардың өз-өзіне деген сенімін арттыру
Эмоцияларды дұрыс танып, білдіруді үйрету
Қарым-қатынас дағдыларын дамыту
Болашаққа позитивті көзқарас қалыптастыру.
Индер Аудандық Білім Бөлімі
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы










