Skip to content

Құрметті отандастар, әріптестер! Сіздерді ұлт бірлігін, тәуелсіздігіміздің тұғырын айшықтайтын қасиетті…

Құрметті отандастар, әріптестер!

Сіздерді ұлт бірлігін, тәуелсіздігіміздің тұғырын айшықтайтын қасиетті мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн – мемлекетіміздің ең қастерлі құндылықтарының бірі – егемендік пен тәуелсіздік идеясының бастауы. 1990 жылы қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация ел дамуының жаңа кезеңін ашып, Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасуына негіз қалады.

Тәуелсіздіктің әр жылы – халқымыздың қажырлы еңбегінің, ел бірлігінің, кемел болашағына деген сенімінің айғағы. Бүгінгі Қазақстан – өз бағыты, өз болашағы бар қуатты мемлекет.

Осы жарқын мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, бірлік пен бақ-береке тілейміз!
Еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігі тұғырлы болсын!

Республика күні құтты болсын!

#RepublicDay
#25Қазан
#Декларация35жыл
#МеніңҚазақстаным.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *