Құрметті Майра Мәжитқызы!
Туылған күніңізбен құттықтай отырып сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, бақытты отбасы, еңбегіңіздің жемісті болуын тілейміз.
Көлдей көңіл тілейміз таусылмайтын,
Өзендей өмір болсын сарқылмайтын.
Аспаның айлы түндей ашық болсын,
Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын.
Айта берсек тілек көп таусылмайтын,
Жаза берсек қалам көп майыспайтын.
Жүректегі тілекті өлеңменен
Жеткіземіз біз сізге шын көңілмен!





