Skip to content

📢 Құрметті ата-аналар!!! Мектепке оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау туралы – Бірінші…

📢 Құрметті ата-аналар!!!

Мектепке оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау туралы

– Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталады. Мектепке алты жасар балалар мен ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.
-Айта кету керек, баланың жасы 1 қыркүйек айы жағдайына толық 6 жасқа толған болса, барлық балалар қабылданады. Ал жасы толық 6-ға толмаған балалардың (олардың жасы үстіміздегі жылы 1 қыркүйектен кейін толатын болса) тек ата-аналары немесе басқа заңды тұлғалары қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіншіліктері бар.
– Мектепке құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда жіберіледі.
– Ережеге сәйкес 1-сыныпқа қабылдау кезінде алдымен қызмет көрсету аумағынан өтініш (тіркелу орны бойынша) білдірген үш үміткер, содан кейін басқа аумақтан бір үміткер қабылданады.
– Білім беру ұйымы міндетті көрсетілген тізбеден тыс құжаттарды тапсыруды өтініш берушіден (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы) талап етуге құқығы жоқ.
– Ата-аналар электронды форматта өтініш, туу туралы куәлік көшірмесін, баланың денсаулығы паспорты, денсаулық жағдайы туралы № 063/у нысанындағы анықтама және 2 фотосурет тапсырады.
Индер Аудандық Білім Бөлімі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *