Skip to content

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! Есбол орта мектебінің әкімшілігі 2024–2025 оқу жылындағы ”Соңғы…

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

Есбол орта мектебінің әкімшілігі 2024–2025 оқу жылындағы ”Соңғы қоңырау” және "Аттестат табыстау" салтанатты шараларына байланысты маңызды ақпаратпен бөліседі.

📌НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ТӨМЕНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТТЕРГЕ ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

📌- 4 және 9, 11-сынып бітірушілерінен ақша жинау;
📌- Аниматорлар, студиялар мен агенттік өкілдерін шақыру;
📌- Мұғалімдер мен әкімшілікке сыйлық беру;
📌- Мектептің жөндеу жұмыстарына қаражат жинау;
📌- Аттестаттау кезінде дастархан жаю үшін ақша жинау;
📌- Автокөлік шеруін ұйымдастыру, ойын-сауық орындары мен мейрамханаларға бару.

📌ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ:

📌“Соңғы қоңырау” іс-шарасына *әр оқушыдан тек 1 ата-ана немесе заңды өкіл* қатыса алады.
📌Барлық қатысушылар алдын ала *іс-шара тәртібі мен қауіпсіздік талаптарымен* таныстырылатын болады.

✅️Бұл ережелер:
✔ Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
✔ Педагогикалық этиканы сақтау
✔ Әділ, қауіпсіз және таза орта қалыптастыру мақсатында енгізілген.

📞 Қосымша сұрақтар туындаса, бізбен хабарласуларыңызды сұраймыз.

✅️Ұл-қыздарымыздың болашағы — біздің басты құндылығымыз!
Бірлесе отырып, жарқын келешекке жол ашайық!
Индер Аудандық Білім Бөлімі
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы
#сыбайлас_жемқорлықтың_алдын_алу
#біртұтас_тәрбие_атырау

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *