"Қазақстан-мейірімділік мекені"
Қазақ халқының өзінің бойында жақсы қасиет бар. Ол – жанындағы жақынына көмектесу. «Мейірімді жүрек – жомарт қол» акциясының негізгі мақсаты, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылықты асыл қасиеттерді дарыту. «Еріктілер» тобының жыл басында жасақталған жұмыс жоспарының «Мейірімді жүрек – жомарт қол» қайырымдылық акциясы бойынша Есбол орта мектебінің мектеп тәлімгері А.Тайбуриева мен «Еріктілер» тобының мүшелері бірлесе, Мария әжейдің үйіне барып, 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, көңілдерін бір марқайтып тастады. Әжей өз батасын беріп, алғысын айтып, балаларға тәтті дәмдерін ұсынды.
Балалар да, бізге дұрыс жол салып, игі іске бастаған апайларына алғыстарын білдірді.





