📢👩💻ҚАУІПСІЗ ИНТЕРНЕТ
🏢Есбол орта мектебі бойынша ағымдағы жылдың 11-15 сәуір аралығында «Қауіпсіз интернет» республикалық акциясы аясында мектеп директорының 8.04.2022 жылғы № 49 бұйрығына сәйкес апталық ұйымдастырылып өткізілді.
📌Шараның мақсаты:кәмелетке толмағандардың ортасында интернет ресурстарды қолдану мәдениетін қалыптастыру, балалардың интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты ересек қолданушылардың жауапкершілігін арттыру. Шара мақсатына сәйкес іс-шаралар жоспары жасақталды. Іс-шара жоспарына сәйкес 10-сыныпта информатика пәнінің мұғалімі А.Даулетова «IT-келешегі кемел сала» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілсе, сынып жетекшісі А. Губашева «Интернетке тәуелділік-қоғам дерті» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сабақ барысы оқушылардың интернет туралы толық ойын қалыптастыру, әлеуметтік желінің пайдалы,зиянды жақтарын ажырата білуге тәрбиелеу,сандық сауаттылығын арттыруға негізделді.10-сынып оқушылары мамандықтар тізбесі туралы да мәліметтер алып, маңыздылығына тоқталды.
🖼 Бастауыш сыныптарда «Менің интернетсіз әлемім» тақырыбында сурет байқауы 1-2 сыныптар оқушылары салса,3-4 сыныптарда аталмыш сыныпта сынып сағаттары өткізілді. Сынып жетекшілер Ғ.Ихсанова, А.Мақсотова ұйымдастырған сынып сағаттары арқылы оқушылар ғаламтордың пайдалы,зиянда жақтарын көрсете білді.
👩🏫 5,7-сыныптарда «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» тақырыбында, 8-сыныпта «Қауіпсіз интернет»,9-сыныпта «Әлеуметтік желі пайдасы мен зияны» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары барысында жасөспірімдер оқушылар және әлеуметтік желілердің ұялы телефонының алатын орны жоғары екендігі,бүгінгі таңдағы әлеуметтік желідегі тәуелділік,әлеуметтік желіде қозғалыссыз отырудың зияны,көзге әсері,ұялы телефонды қалай пайдалану керек деген кеңестермен оқушыларды таныстырылым өткізілді. (сынып жетекшілері А.Айболат, Б.Халықова)
@inder_raioo







