"Қарты бар үйдің-қазынасы бар", – деп, дана халқымыз айтқандай,үйінде қариясы бар жанұя – шынында да, қазыналы, берекелі жанұя. Жас жеткеншектер үлкенді сыйлап тыңдай білуге, қазақ халқының салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелей отырып, 1-қазан қарттар күнінің маңыздылығын меңгерту, қарияларымыздың ақыл – өсиеттері арқылы жігерлі, қайратты болуға, еңбекқорлыққа баулу мақсатында мектебіміздің (10-11сынып оқушылары) Еріктілер ұйымы сынып жетекші А.Губашева және мектеп тәлімгері А.Тайбуриевамен ауылымыздың тұрғыны Айтжанов Теңелбай атамызбен ардагер ұстазымыз Хасанғалиева Қалжан апайымызды құттықтап қайттық. Апайымыз оқушыларға ақылды, тәрбиелі болуға, біраз өсиет әңгімесін айтып, ой бөлісіп, ризашылығын білдірді.






