Есбол орта мектебінің 10-сынып оқушылары арасында «Интернет және біз» тақырыбында дебат ұйымдастырылды. Дебат барысында оқушылар аталмыш тақырып аясында интернеттің пайдалы және зиянды жақтары туралы жан-жақты ой-толғаулары ортаға салынды. Дебат қорытындысына төрешілік еткен сынып жетекшісі Д.Избасарова «Үздік спикер» номинациясымен Нариманов Орынай мен Гусманова Аружанды, дебатқа белсенді қатысқаны үшін Саматов Бекнұр мен Дәуренова Гүлсезім дипломмен және алғыс хаттармен марапаттады. Жас спикерлерге болашақ пікірталаста дәйекті талқылау шеберлігіне жетуге тілек білдірді.
Есбол орта мектебінің 10-сынып оқушылары арасында «Интернет және біз» тақырыбында дебат ұйымдастырылды.…



