Skip to content

⚜️Есбол орта мектебінде жоғары сынып оқушыларымен «Гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу:…

⚜️Есбол орта мектебінде жоғары сынып оқушыларымен «Гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу: Бірлескен күш-жігер» тақырыбында түсіндіру сабағы өткізілді.
⚜️Мақсаты: оқушыларға гендерлік зорлық-зомбылықтың мәнін түсіндіру, оны болдырмау жолдарын көрсету және қауіпсіз, сыйластыққа негізделген орта қалыптастыруға шақыру. Сабақ барысында оқушыларға гендерлік зорлықтың түрлері, оның адам құқығына тигізетін зияны және өздерін қорғау жолдары туралы маңызды ақпарат берілді.
⚜️Оқушылар: өз құқықтары туралы мәлімет алды; психологиялық және онлайн қысымның белгілерін таныды; зорлыққа жол бермеу үшін бір-бірін құрметтеудің маңызын талқылады; қажет жағдайда кімге және қайда жүгінуге болатынын білді. ⚜️Сонымен қатар оқушылармен бірге гендерлік зорлық-зомбылық тың алдын алу туралы маңызды ақпаратпен бөлістік. Гендерлік зорлық — адамның жынысына, гендеріне байланысты жасалатын қысым, кемсіту, агрессия немесе күш көрсету. Ол тек физикалық емес, психологиялық, экономикалық немесе онлайн ортада да көрініс табуы мүмкін. Зорлыққа нөлдік төзімділік қалыптастыру – тек мектептің емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Бірлескен күш-жігер арқылы ғана біз қауіпсіз, сыйластыққа негізделген орта құра аламыз.
⚜️Өткізген: тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Жалмукашева, мектеп психологі Б.Кушенова.
Индер Аудандық Білім Бөлімі
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы
Индер Тәрбие
Атырау Тәрбие Бөлімі
Атырау Облысы Білім Басқармасы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *