🔅Есбол орта мектебінде “Ұстазым, сізге мың алғыс!” 10 күндік іс-шара аясында
“Ата-аналарға алғыс күні” тақырыбында мектебіміздің басшылары атынан жас ұстаз, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Кереев Дәулеттің анасына Алғыс хат табысталды.
🔅Мақсаты:
Ұстаздардың өмір жолына бағыт-бағдар берген ата-аналарына құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау, ұстаздық қызметке демеу болған аналардың жүрегіне жылы сөз арнау. Сонымен қатар жас ұстаздардың кәсіби дамуына, тәрбиесіне үлес қосқан ата-аналардың еңбегін ескеріп, алғыс білдіру.
🔅Іс-шара барысында жылы лебіздер айтылып, Кереев Дәулеттің анасына мектеп әкімшілігі атынан шынайы ризашылықпен Алғыс хат тапсырылды. Бұл шара – ата-анаға деген құрметтің, ұстазға деген сыйластықтың айғағы болды.
Индер Аудандық Білім Бөлімі
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы
Индер Тәрбие
Атырау Тәрбие Бөлімі
Атырау Облысы Білім Басқармасы
#ұстазданұстазғатағзым #ұстазымамыңалғыс #облыстықонкүндік
#жаңазаманұстазы #цифрлықшебер #ЖИбілімде
