☑️Есбол орта мектебінде "Қыз бала отбасының шырайы" тақырыбында қыздар кеңесі өтті. Кеңестің мақсаты: қыз балалардың бойына қыз бейнесіне тән мінез – құлық сипатын қалыптастыру. Оқушыларды бір – бірімен, айналадағы ортамен үйлесімді қарым – қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу біліктілігін дамытуға, өзара жағымды қарым – қатынасын арттыру, оларды адамгершілікке, шындыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Өткізген: психолог Б.Кушенова, биология пәні мұғалімі Н.Айғалиева
#Біртұтас_тәрбие_Атырау

