Skip to content

Есбол орта мектебінде қылмыс пен құқық бұзушылықтың және нашақорлықтың алдын…

Есбол орта мектебінде қылмыс пен құқық бұзушылықтың және нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Закладка» деректі фильмі көрсетілді.
Бейнероликте жеңіл ақшаның жолын қуып,қазір 10 және одан да көп жылға бас бостандығынан айырылған қарапайым есірткі курьерлерінің сұхбаттары бар, сондай-ақ олар істегендеріне өкініп , азаматтардан кесірлі құбылысқа араласпауды сұрайды.
Фильм сонымен қатар, оқушыларды есірткіден аулақ болуға, зиянды әдеттерден сақтануға, өз денсаулығын қорғауға және жауапкершілік танытуға үндейді. Мұндай ақпараттандыру жас ұрпақтың дұрыс шешім қабылдау қабілетін арттырып, өмірлік маңызды таңдаулар жасауға септігін тигізеді.
#Құқықбұзушылық_атырау_2024
#Нашақорлық_атырау_2024
#біртұтас_тәрбие_атырау_2024
#Индер Аудандық Білім Бөлімі Полиция Бөлімі #Atyrau_tàrbîe Тәрбие Орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *