⚜️Есбол орта мектебінде 8 қыркүйек күні 10, 11-сыныптарда “Мен және менің отбасым” тақырыбында сынып сағаты және “Қауіпті хобби және серуендеу орындары” тақырыбындағы қауіпсіздік сабағы өткізілді.
⚜️Мақсаты: Оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
Отбасындағы сыйластық, мейірімділік, қамқорлық құндылықтарын дәріптеу;
Өз отбасына деген мақтаныш сезімін ояту.
Оқушыларға қауіпті әуесқой істер (экстремалды ойындар, қауіпті челлендждер, интернеттегі «трэш» хоббилер) туралы түсінік беру;
Қауіпсіз серуендеу орындарын таңдай білуді үйрету;
Өз өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
⚜️Сынып сағаты барысында:
Оқушылар отбасы туралы әңгіме жүргізді, өз отбасына деген мақтаныш сезімін жеткізді;
Қауіпсіздік ережелері талқыланып, қауіпті және қауіпсіз әрекеттерді ажырата білді;
Шығармашылық жұмыс (постер қорғау) ұйымдастырылды;
⚜️Қорытындысында оқушылар «Отбасы – өмірдің тірегі, қауіпсіздік – өз қолымызда» деген ой түйді.
Индер Аудандық Білім Бөлімі
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы





