Skip to content

Есбол орта мектебінде 28 ақпан күні 10-11 сынып ата-аналарына “Тұлғаның…

Есбол орта мектебінде 28 ақпан күні 10-11 сынып ата-аналарына "Тұлғаның қалыптасуы: тәуелсіздік құқығы" тақырыбындағы 5-інші педагогикалық қолдау сабағы өткізілді.
Мақсаты:
Тұлғаның қалыптасуы мен тәуелсіздік құқығы тақырыбында ата-аналарды ақпараттандыру, баланың дербес тұлға ретінде дамуына ықпал етудің маңыздылығын түсіндіру.

Негізгі міндеттері:

1. Ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру – бала құқықтары, тәуелсіздік пен жеке тұлғалық даму мәселелерін талқылау.

2. Тұлғалық қалыптасуға ата-ананың әсерін көрсету – бала тәрбиесінде өзіндік пікір, жауапкершілік, еркіндік ұстанымдарын дамыту жолдарын қарастыру.

3. Отбасылық тәрбие мен еркіндік үйлесімі – ата-аналардың балаға шектеусіз еркіндік бермей, оны жауапкершілікпен үйлестіру маңызын түсіндіру.

4. Практикалық кеңестер беру – тұлғаның қалыптасуына көмектесетін тиімді тәрбие әдістерін ұсыну.

Бұл қолдау сабағы ата-аналарға балаларының өз ойын еркін білдіру, шешім қабылдау және дербес әрекет ету дағдыларын қалыптастыруда бағыт-бағдар беруге негізделді.

Өткізген сынып жетекшілер Р.Хасанова мен Б.Халықова
#БіртұтастәрбиеАтырау
Индер Аудандық Білім Бөлімі Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *