Skip to content

🏢Есбол орта мектебінде 24 қаңтар күні “Жасанды интеллект – жаратылыстану…

🏢Есбол орта мектебінде 24 қаңтар күні "Жасанды интеллект – жаратылыстану ғылымдарында" атты онкүндік аясында математика пәнінің мұғалімі Халықова Ботакөз Қонысбекқызы алгебра пәнінен 7-сынып оқушыларына "Қысқаша көбейту формулалары" тақырыбында ашық сабағын өткізді. 🧩Сабақтың мақсаты: Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасының формулаларын қолданады.
📚Ашық сабақ "Кальмар ойындарының" желісінде 5 кезеңнен тұратын ойын түрінде ұйымдастырылды. Сабақ барысында жаңа әдіс- тәсілдер қолданылды: үй тапсырмасын сұрауда "🟢🟨🔺Фигуралар" әдісі, Genially платформасымен "Пазл" құрастыру әдісі арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталды, жасанды интеллектіні қолдану арқылы оқушылар ойын кейіпкерлеріне келтірілді және "3-ші артық", "Дәл көзде" әдістері тиімді қолданылды, сабақты бекітуге Wordwall платформасында лездік тест тапсырмасы орындалды.
✅Сабақ барысында топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізіліп, оқушыларға әр кезеңде тапсырма дескрипторлары бойынша әділ бағалау жүргізілді. Сабақтың соңында Mentimeter платформасымен QR код арқылы оқушылардан GIF эмоция кері байланысы алынды. Оқушыларға жаңа форматтағы қызықты ойын сабағы ұнады, жақсы әсерлерімен бөлісті. Сабақ өз мақсатына жетті. 8и #ИндерАудандықБілімБөлімі
#АтырауОблыстықӘдістемелік Орталығы
Атырау Әдістемелік Орталығы
Индер Тәрбие
Атырау Тәрбие Бөлімі
#біртұтас_тәрбие_атырау

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *