ЕСБОЛ ОРТА МЕКТЕБІНДЕ 2025 ЖЫЛДЫҢ 4 ҚАРАША КҮНІ 10-11 СЫНЫП ҚЫЗДАРЫНА МЕКТЕП МЕДБИКЕСІМЕН БІРЛЕСІП «РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҚ: ОНЫ ҚАЛАЙ САҚТАУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ КЕРЕК» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ӨТТІ.
Дәрістің мақсаты:
Жоғары сынып оқушыларына репродуктивтік денсаулыққа әсер ететін факторлар туралы кешенді түсінік беру және оны сақтау дағдыларын қалыптастыру. Аурулардың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық, өзара құрметке негізделген қарым-қатынас және болашаққа жауапкершілікпен қараудың маңызын түсіндіру.
Міндеттері:
1. Репродуктивті денсаулық ұғымының мәнін ашып, адам өміріндегі маңызылығын ғылыми негізделген және өзекті ақпараттар арқылы түсіндіру.
2. Жыныстық өмір мәселелері туралы ашық талқылауға мүмкіндік беретін сенімді және этикалық диалог мәдениетін дамыту.
3. Репродуктивті денсаулық туралы ақпаратты ой елегінен өткізіп, шындық пен жаңсақ пікірді ажырата білетін сыни көзқарасты қалыптастыру.
Оқыту нәтижелері:
1. Репродуктивті денсаулыққа әсер ететін қауіп-қатерлерді біледі.
2. Қауіпті жағдайларды ажыратып, қауіпсіз мінез-құлықты таңдай алады.
3. Алдын алудың маңызын түсініп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға дағдыланады.
Жас ерекшеліктері
16-17 жастағы жасөспірімдер есейген кезеңде және олар шешім қабылдауда анағұрлым тәуелсіз бола бастайды. Бұл жас кезеңі:
• романтикалық және жақын қарым-қатынасқа қызығушылықтың артуымен;
• денсаулық мәселелерінде өз бетінше таңдау қажеттілігімен;
• зиянды әдеттерге, құрдастар мен үлкендердің ықпалына тап болу қаупінің жоғары болуымен сипатталады.
Осы кезеңде нақты, ғылыми негізделген білім беріп, өзіне және болашағына жауапты көзқарас қалыптастыру ерекше маңызды.
Дәріс құрылымы (35–40 минут)
Өткізген сынып жетекшілері А.Кубиева, Б.Халықова
Индер Аудандық Білім Бөлімі
Индер Тәрбие
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы



