☑️Есбол орта мектебінде 2024 жылдың 26 қыркүйек күні мектептің педагогикалық ұжымымен "Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі" тақырыбында жиналыс өткізілді. Мектеп директорының міндетін атқарушы А.Сагатов жиналысты ашып, күн тәртібіндегі мәселелерді айтып өтті соның ішінде оқушылардың қауіпсіз өмір сүруі жағдайларын жасау үшін жауапкершілік ата-анадан, ұстаздан да күтілетіндігін және оқушылардың өмірлеріне қауіп төндіретін жағдайларға душар болмауы үшін әрбір сақтық талап етілетінін атап айтты. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Жалмукашева "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы бойынша әр сынып сағаты аясында"Қауіпсіздік" сабағының жақсы өткізілуіне ерекше назар аудару қажеттілігін айтты.



