🏢Есбол орта мектебінде 2022 жылдың 07 ақпан күні "Өзін-өзі тану: «Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік аясында жоспарға сай оқушыларға отбасылық құндылықтарды түсіндіре отырып, «Сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу мақсатында 📚"Отбасы құндылықтары" тақырыбында өзін өзі тану пәнінің мұғалімі👩🏫 Р.Хасанова 7-сыныпқа ашық сабақ өткізді.
✅Сабақ барысында оқушылар тақырыпқа сай мақал-мәтелдің жалғасын тауып, «Бақытты отбасы» модулін жасап, постер қорғап, ата-аналарына арнап өлең шығарып, шығармашылықпен жұмыс жасады. ⚜Отбасы адам баласының алтын ұясы. Отбасы бақыт пен берекенің, татулық пен бірліктің мекені. Ата – анамызға, достарымызға, үлкен – кішілерге қамқорлық көрсетіп, оларға бауырмалдылық пен сыйластық танытып, қиындық кезде қолдау көрсету біздің парызымыз деп ойларын айтты.
@inder_raioo










