📚Есбол орта мектебінде 20 желтоқсан күні 10-11 сынып ата-аналарына "Өмір бойы оқу: не үшін? Қалай?" тақырыбында кезекті педагогикалық қолдау сабағы өткізілді.
📚Мақсаты: ата-аналардың жасөспірімнің өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту үрдістерін қолдауға дайындығын қалыптастыру. Сабақ барысында балаларға жетістікке жетуге мотивация беру, кез келген бастамада табысқа жету үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру жолдары таныстырылды, Льюис Кэрроллдың әйгілі "Алиса ғажайыптар елінде" ертегісіндегі кейіпкері Алисаның персонажы талқыланды және "Армандарды мақсатқа айналдыру алгоритмі" көрсетілді. Ата-аналар құнды ой-пікірлерімен бөлісті.



