Skip to content

🏢Есбол орта мектебінде 14-ақпан күні “Өнерлі ұрпақ-салауатты өмірдің жарқын болашағы”…

🏢Есбол орта мектебінде 14-ақпан күні "Өнерлі ұрпақ-салауатты өмірдің жарқын болашағы" атты онкүндік аясында көркем еңбек пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы: Губашева Альфия 8- сынып оқушыларымен "Ою ойғанның ойы ұшқыр" тақырыбында үзіліс сағатын өткізді.
🎨 Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама беріп, шаршы оюын қиюға, суретке қарап өрнек шығаруға үйрету. Эстетикалық талғамын кеңейту. Қиялдарына қанат бітіріп, әсемдікті өзінше танып, өз беттерінше ою-өрнек түрлерін ойластырып ортақ текемет құрастыруға баулу.
🎨Сабақ барысында топқа бөлініп, оқушыларға ою-өрнек түрлері, оның шығу тарихы туралы толыққанды түсіндірілді. Екі топқа түрлі қағаздардың көмегімен текеметті дайындау тапсырылды. Оқушылар берілген тапсырма бойынша топ болып, бірлесе отырып текеметті жапсырмалады. Кім епті?ойыны ойнатылды. Ойынның шарты: Кубикті ортаға лақтырылып, түскен оюға қарап әр бала өзінің алдында жайылып жатқан кілемшенің ішінен өзіне тиесілі оюды тауып, бір аяқпен секіріп, мәре сызығына отуі керек. Осылайша балалармен қызықты үзіліс сағаты болып өтті. #ИндерАудандықБілімБөлімі
#АтырауОблыстықӘдістемелік Орталығы
Атырау Әдістемелік Орталығы
Индер Тәрбие
Атырау Тәрбие Бөлімі
#біртұтас_тәрбие_атырау

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *