🏢Есбол орта мектебінде 12-ақпан күні "Өнерлі ұрпақ-салауатты өмірдің жарқын болашағы" атты онкүндік аясында көркем еңбек пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы: Губашева Альфия бейнелеу өнері пәнінен 3-сынып оқушыларына "Мүсін. Балбал мүсін" тақырыбында ашық сабағын өткізді.
🎨Сабақтың мақсаты: бейнелер мен пішіндерді зерттеу кезінде қоршаған әлемнің ерекшеліктерін білу және сипаттау. Мүсін құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді білдіру.
🎨 Сабақ барысында әдіс- тәсілдер қолданылды: өткен тақырыпты пысықтау сұрақ-жауап арқылы, суреттерді құрастыру арқылы топқа бөліп, сабақтың тақырыбы анықталды.
🎨Сабақ барысында топтық, жеке жұмыстар жүргізіліп, оқушыларға әр кезеңде тапсырма дескрипторлары бойынша әділ бағалау жүргізілді.
🎨Сабақтың соңында Worwall сайтынан табиғат құбылысы туралы "Сұрақ менен, жауап сенен" ойыны ойнатылды. Оқушылар "Бағдаршам" әдісімен кері байланыс жасады.Сабақ өз мақсатына жетті. #ИндерАудандықБілімБөлімі
#АтырауОблыстықӘдістемелік Орталығы
Атырау Әдістемелік Орталығы
Индер Тәрбие
Атырау Тәрбие Бөлімі
#біртұтас_тәрбие_атырау
