Skip to content

🏢Есбол орта мектебі бойынша Атырау облысы білім беру басқармасының Индер…

🏢Есбол орта мектебі бойынша Атырау облысы білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің 2021 жылғы 29 қарашадағы №428 бұйрығы негізінде мектеп директорының бұйрығы шығарылып,іс-шаралар жоспары жасақталып, бекітілді. PISA-2022 халықаралық зерттеуінің дайындық жұмыстарын ұйымдастыру үшін мектепішілік жұмысшы тобы құрылды.
✅Мектеп бойынша халықаралық зерттеуге қатынасатын 15 жастағы оқушылардың тізімі мен және жаратылыстану бағытындағы пәндерден сабақ беретін пән мұғалімдерінің тізімі жасақталды. ♻️Мектепішілік іс – шаралар жоспарына сәйкес директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М. Тулепова PISA-2022 халықаралық зерттеуіне дайындық барысында жалпы түсіндірмелік таныстырылым жасаса, курстан өткен математика пәнінің мұғалімі А.Даулетованың жетекшілігімен «Google формада тест дайындау» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Информатика пәнінің мұғалімі А.Айболат мектеп сайтында жасақталған базамен жұмыс түрін мұғалімдерге таныстырды.
@inder_raioo

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *