Есбол орта мектебі бойынша 29 қараша – 3 желтоқсан аралығында «Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық. Көз жетпейтін мұнарасы тым биік» атты химия, биология және география пән бірлестігінің апталығы басталды.
Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсат – бұл пәндерді тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін оқушыларға түсіндіру.
29 қараша күні апталығының ашылу салтанаты болып өтті. Ашылу салтанатына барлық 8-11 сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін көрсетті. Апталықтың жүру барысында биология пәнінен «Қызықты жануарлар және өсімдіктер әлемі», химия пәнінен «Акцион» және география пәнінен «Сиқырлы А әріпі» атты ойындар өткізілді. Апталық жоспарын бірлестік жетекшісі Ақмарал Мағзомқызы таныстырп өтті.








