Есбол орта мектебі бойынша 2019жылдың 2-6 қыркүйек күндері аралығында жол-көлік оқиғаларын алдын-алу мақсатында "Абайлаңыз балалар!" акциясы аясында мектеп оқушыларымен жүргізілетін апталық іс-шара жоспары жасақталып, бекітілді.
Жоспар бойынша мектеп тәлімгері А.Тайбуриева мен сынып жетекшілер бірлесе отырып, оқушыларға жол қауіпсіздігі мен жол белгілерін таныстырып, сынып сағаттар өткізді. Сонымен қатар шараға мектепішілік жол қозғалысының жас инспекторлары, топ басшысы О.Руслан бастауыш сынып оқушыларына өз білгендерін айтып, жолда жүру белгілері және олардың қолданысы жөнінде ой бөлісті.










