Есбол орта мектебі
19 қараша күні Ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында «Қыздарға кеңес» тақырыбында түсіндірме жұмысы өткізілді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Жалмукашева, педагог –психолог Б.Кушенова, мектеп медбикесі С.Тарғынова, «Қыз жібек» ұйымының жетекшісі М.Ералиева қатысты.
Мектеп медбикесі қыз балаларға ерте жүктіліктің алдын алу, қыз баланың денсаулығына зиянды факторлар,жеке бас гигиенасы туралы түсініктер айтылды.
Мектеп психологі Б.Кушенова жүктілікке байланысты статистикалық мәліметтермен таныстырды. Сонымен қыз балаларға өзін өзі ұстауы және қыз баланың қылығы туралы түсінік жұмысын жүргізді. Оқушылардан кері байланыс алынды.
#ертежүктілік-атырау _2024

