Skip to content

📢🏢Есбол мәдениет үйінде «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың…

📢🏢Есбол мәдениет үйінде «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен жиналыс болып өтті.📌 Жиналысқа Есбол, Жамбыл,Есқалиев орта мектебі бойынша 9-11 сынып оқушылары қатынасты. Жиналысқа Индер ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істер жөніндегі аға-учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Кубашева Гаухар Азидоллақызы, Индер жастар ресурстық орталығының басшысы Бертілеуов Темірлан Нұрланұлы қатынасты.
👮‍♀️Гаухар Азидоллақызы өз баяндамасында кәмелетке толмағандар арасында қылмысты азайту мақсатында мектеп жасындағы оқушыларға қарау және тесіп-кесетін заттарды алып жүруге тыйым салынады. Кәмелетке толмағандардың тарапынан құқық бұзушылық жасалған жағдайда, оларға және ата-аналарына қатысты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жаза қолданылатындығы туралы айтып өтті.
            Сонымен қатар «Балалар жылы» аясында ағымдағы жылдың 11-15 сәуір аралығында аудан көлемінде мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік ұйымдардың, жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, «Мен және менің полицейім» республикалық акциясы аясында мектептерге «Полицей-дос және қорғаушы» тақырыбында 5,6,7-сынып оқушыларына дәріс түсіндірілді. Сонымен қатар оқушыларға қоғамдық орындарда және көшелерде бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі мінез-құлық қағидалармен де таныстырылып өтті.
Индер жастар ресурстық орталығының директоры Т.Бертілеуов өз баяндамасында «Жасыл ел» еңбек маусымы 2005 жылы Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен басталған болатындығы туралы айтып өтті. Есбол ауылындағы Индер орман жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесіне Индер ауданына қарасты ауылдардан  50 сарбаз қамтылады. Оған қамтылатын оқушылар әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, аз қамтылған. Жартылай жетім, жетім, толық емес отбасының балаларын қамтамасыз және осы аталған мекемеде қызмет жасайтын қызметкерлердің балалары қамтылатындығы айтылды.
 @inder_raioo

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *