Skip to content

⛹️‍♀️🤾‍♀️🚴‍♂️🏋️‍♂️💪Біз салауатты өмір салтын сақтаймыз! 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық…

⛹️‍♀️🤾‍♀️🚴‍♂️🏋️‍♂️💪Біз салауатты өмір салтын сақтаймыз!
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні! Осы орайда Есбол орта мектебінде денсаулық күнін атап өту мақсатында іс-шаралар жоспары жасақталды.
📌Шаралардың мақсаты:жас ұрпақтың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруға , олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны таза ұстауға,дене шынықтыру жаттығуларымен өз бетінше шұғылдануға дағдыландыру,этикалық,эстетикалық тәрбие беру.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес, 5-сыныпта «Денсаулық-зор байлық» тақырыбымен спорттық сайыс (сынып жетекшісі А.Айболат,дене тәрбиесі пән мұғалімі Д.Кураков) 6- сыныпта «Денсаулығым-байлығым» тақырыбында мектеп медбикесі А.Кулгалиеваның қатынасуымен сынып сағаты, 7-сыныпта «Салауатты өмір салты денсаулық» тақырыбында сынып сағаты, 8,9,10-сыныпта «Мен салауатты өмір салтын таңдаймын» спорттық сайысы (сынып жетекшісі А.Губашева, А.Кубиева, Р.Хасанова, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Р.Казғалиев, Д.Кураков) ұйымдастырылып өткізілді. Спорттық шараларда «Ракеткамен шар алып жүру», «Кенгуру», «Арқан тарту» сайыстары ұйымдастырылып өткізілді.Сынып сағаттары барысында оқушыларды зиянды әрекеттерден-ішімдік,нашақорлық,шылым шегушіліктің денсаулыққа,болашақ ұрпаққа жау екендігі түсіндіріліп,спортпен белсене араласуына ықпал ету мақсатында түсініктер берілді.
  @inder_raioo

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *