Skip to content

📌📌БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БІЗДІҢ БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ📌📌 Мектепте терезе қауіпсіздігін сақтау…

📌📌БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БІЗДІҢ БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ📌📌

Мектепте терезе қауіпсіздігін сақтау – оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды шарты. Төмендегі ережелерді сақтау арқылы жазатайым оқиғалардың алдын алуға болады.

1. Оқушылар үшін:

✅ Терезеге жақындауға, оған сүйенуге немесе терезе алдына шығып отыруға болмайды.
✅ Терезені өздігінен ашпау және терезе маңында ойнамау керек.
✅ Егер перде немесе жалюзи реттеу қажет болса, оны мұғалімнің рұқсатымен ғана жасауға болады.

2. Мұғалімдер үшін:

✅ Терезені тек өзі сыныпта болған кезде ғана ашу керек.
✅ Сабақ аяқталған соң, терезенің жабық екенін қадағалау қажет.
✅ Ауаны желдету қажет болған жағдайда, тек жоғарғы желдеткіш бөлігін ашу ұсынылады.
✅ Сабақ кезінде оқушылардың терезеге жақындамауын қадағалау керек.

3. Техникалық қызметкерлер мен ата-аналар үшін:

✅ Барлық терезелердің бекіткіштерінің дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тұрақты түрде тексеру қажет.
✅ Қажет болған жағдайда, терезелерге арнайы қауіпсіздік торларын немесе құлыптарды орнату.
✅ Терезелердің сынып ішінде, дәлізде және басқа да бөлмелерде қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Есіңізде болсын!
Терезе қауіпсіздігін сақтау – барлығымыздың ортақ міндетіміз. Қауіпсіздік ережелерін ұстану арқылы балалардың өмірін қорғаймыз!
Индер Аудандық Білім Бөлімі
#БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_АТЫРАУ
#atyrau_тәрбие
#біртұтас_тәрбие
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы
Atyrau_tàrbîe

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *