Skip to content

Аудан көлемінде он алтыншы сәуір күні мектепалды даярлық (5-6 жастағы)…

Аудан көлемінде он алтыншы сәуір күні мектепалды даярлық (5-6 жастағы) балаларына «Білім жолымен» атты олимпиадасы ұйымдастырылды.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеті:
– Баланың негізгі функционалды жүйесінің даму деңгейі, ерік-жігерінің дайындығы, ішкі және сыртқы кедергілерді жеңуде өзінің іс-әрекетін ретке келтіре білуге жаттықтыру;
– Мектепке дейінгі жастағы баланың танымдық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру;
– Әр баланың интеллектуалдық қабілеттері мен шығармашылық әуелетін дамыту;
– Өз ойын еркін білдіру және оны іске асыру дағдыларын жетілдіру.
Олимпиада 3 номинация бойынша өткізілді:

Есбол орта мектебі бойынша үш номинация бойынша мектепалды даярлық тобының үш тәрбиеленушісі қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша «Біз мектепке барамыз» номинациясынан Русланқызы Айарау ІІІ жүлделі орынды иеленді. «Ойлан, тап» номинациясынан Орынғали Ернұр Алғыс хатпен және «Бәрін білгім келеді» номинациясы бойынша Жексенғали Айша Алғыс хатпен марапатталды. Мектепалды даярлық тобының жетекшісі Иманбаева Жанар Каировна.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *