📢АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТКЕН ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
🗓27 тамыз күні аудан әкімі Салауат Өтеғұлұлының қатысуымен аудандық «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» тақырыбында білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті.
🎖Конференцияда 2020-2021 оқу жылының қорытындысымен Есбол орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Тілекқабыл Нарни Абдоллақызы, математика-информатика пәні мұғалімі Даулетова Алтынай Болатовна Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің "Құрмет грамотасына" ие болды.
👏Әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!


