Атырау облысы Ұлттық домбыра күніне арналған челленджді қолдайды. Бұл өлке — қазақтың әйгілі күйші-композиторлары, саф өнердің дара тұлғалары дүниеге келген қадірлі мекен. Құрманғазы бабамыз қасиетті өнердің биік тұғыры болса, Дина шешеміз — мол мұраны жалғастырушы бірегей тұлға. Осы орайда Атырау облысы Жетісу облысынан қабыл алған челленджді Қызылорда облысына құрметпен жолдайды.
