Skip to content

Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылы 📌«Қазақ тілі», «Қазақ тілі…

Атырау облысы
Индер ауданы
Есбол ауылы

📌«Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8,10-сыныптарда аралық аттестаттауды өткізудің ерекшеліктері» тақырыбында ақпарат беру жиналысы өтті.

📌Есбол орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен 2024 жылы 23 қаңтарда «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8,10-сыныптарда аралық аттестаттауды өткізудің ерекшеліктері» тақырыбында ақпарат беру жиналысы болды.

📌Мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Тулепова сөз алып, бағдарламамен және алынған іс шаралар жоспарымен таныстырды.

📌Білім алушылардың оқу аяқталғаннан кейін бір оқу пәнінің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын игеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін аралық аттестаттаудың негізгі ерекшелігі мен қойылатын талаптарына тоқталды. Бағалау критерийлері құрастырылатын тапсырмаларға қарай мұғалімдер тарапынан жасалатындағы айтылды. Аралық аттестаттау тапсырмаларының үлгілерімен таныстырды.

📌«Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен эссе жазуда тапсырмалардың мазмұны ақпаратты түсіну, мәтіннің құрылымы мен негізгі ойын түсіну, мәтіннің стильдік ерекшелігін тану, проблемалық сұрақтар құрастыру, түрлі дереккөздерден ақпарат ала білу, мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау, түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық нормаларға құрылғандығы айтылды.
📌Ақпарат беру жиналысына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және де сынып жетекшілер, ата-аналар, 5-8 сыныптар қатынасты.
Индер Аудандық Білім Бөлімі
Атырау Облыстық Білім Басқармасы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *