Атырау облысы
Индер ауданы
Есбол ауылы
Есбол орта мектебінде “Спорт пен өнер -егіз ұғым” тақырыбындағы апталық аясында 12.03.24ж 2-сыныпта “Экоүй” тақырыбында ашық сабақ болып өтті. Сабақтың мақсаты: Қоршаған әлемнің кейбір ерекшеліктерін білу және сипаттау, сәулет құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді білдіру. Табиғи формаларды зерттеу. Экологиялық таза тұрғын үй жобасын құру үшін қоршаған ортаны бақылауды қолдану.
Сабақтың басы психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында ортада жылулық шеңберін құрып, балалар жымиып күліп, бір-бірлеріне ізгі тілектерін айтты. Топтық ереже қабылданды. “Кім жылдам?” әдісі арқылы өткен сабақты пысықтадық. Түрткі сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың мазмұнын аштық, “Сәйкестендіру” әдісі арқылы топтық тапсырма орындалды, кейіннен практикалық кезең, жаңа сабақтың тақырыбына сай экологиялық таза тұрғын үй жобасын тақтада құрып, сурет дәптеріне бейнелеп шығуға тапсырма берілді. Бұл жерде өз бетімдік жұмыс, әр бала жеке-жеке өз алдарына бөлек сурет дәптерлеріне тақтадағы суретті салып, көркемдеп безендіріп, бояп шықты. Балалар сурет дәптерлерін бір-бірлеріне беріп, сағат тілімен айналдыра, бірі бірінің суретін бағалап шықты. Нейрожаттығу арқылы сергіту сәтін жасадық. Қорытындысында өткен сабақ бойынша сұрақ- жауап алынды. Сабаққа белсене қатынасқан оқушылар жұлдызшамен бағаланды. Кері байланыс. Рефлекция берілді
Көркем еңбек пәні мұғалімі, педагог-сарапшы: Губашева АЕ
#біртұтас_тәрбие
#atyrau_tarbie
Индер Аудандық Білім БөліміАтырау Облысы Білім Басқармасы

