Skip to content

Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылы ✨ Есбол орта мектебінде…

Атырау облысы
Индер ауданы
Есбол ауылы

✨ Есбол орта мектебінде "Ата-аналарды
педагогикалық қолдау" орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ата-аналар жиналысы өткізілді.
✨ 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына ✔️ 7 сабағы
✨Тақырыбы: Сүйіспеншілік – сыйластық кілті

1.Сүйіспеншілік отбасындағы эмоционалдық тепе-теңдіктің негізі ретінде.
2."Айналайын" ұғымы, отбасында баланы жан-жақты қолдау.
3.Эмоцияны білдірудегі шынайылық. Эмоционалдық манипуляциялар.
4.Жоғары сынып оқушысымен шетін тақырыптар бойынша қалай сөйлесуге болады.

✨Сабақтың мақсаты:
Отбасында эмоционалдық тепе-теңдік пен өзара түсіністік орнату үшін балаға сүйіспеншілік таныту қабілетін дамыту.

✨ Міндеттері:
– ата-аналардың отбасында балаға жан-жақты қолдау көрсетуге, қарым-қатынаста шынайылық танытуға деген ұмтылысын дамыту;
– "Айналайын", "Махаббат тілі", "Эмоционалдық манипуляциялар" және т. б. ұғымдардың мағынасын түсінуге ықпал ету;
– қарым-қатынаста сезімдерді білдіру дағдыларын, жоғары сынып оқушысымен шетін тақырыптарға сөйлесе білуді қалыптастыру.
#біртұтас_тәрбие
#atyrau_tarbie
Индер Аудандық Білім Бөлімі
Атырау Облысы Білім Басқармасы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *