Аттестат табысталды….
2023 жылдың 15 маусым күні мектебіміздің 9 сынып бітіруші түлектеріне арналған аттестат табыстау салтанатты жиыны өткізілді.
Биылғы оқу жылында 9 оқушы негізгі мектепті аяқтады.
Жиында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тулепова Майра Қуанғалиқызы құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдіріп, оқушыларға салтанатты түрде аттестаттарды табыс етті.
Мектебіміздің 9 сынып бітіруші түлектерінен 1 оқушымыз қызыл аттесттатпен аяқтады. Ол
📌Жұбан Кемел Дастанұлы
Жақсы біліммен, тағылымды тәрбиемен өскен ұл-қыздарымыз Отанымыздың қазынасы, елдің ертеңгі елеулі тірегі.
Индер Аудандық Білім БөліміАтырау Облыстық Әдістемелік ОрталығыИндер ТәрбиеАтырау Тәрбие бөлімі










