♻️ Әрбір оқу жылы қарсаңында, мектепке даярлау мақсатында аз қамтылған, көп балалы отбасыларына көмек ретінде ұйымдастырылатын ”Мектепке жол” акциясына орай мектебіміздің бірқатар оқушыларына көмек көрсетілді.
✳️Осыған орай “AMANAT” партиясының Индер аудандық филиалы, “GARYSHKER” қайырымдылық қорының және демеушілігімен аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы отбасылардың 3 баласына мектепке қажетті құрал жабдықтарымен көмек көрсетілді.
✳️Сонымен қатар ауылымыздағы Сұлтан Бейбарыс мешітінен аз қамтылған отбасыдан шыққан 4 балаға мектеп сөмкесі, оқу-құралдарымен демеушілік танытса, "Ембімұнайгаз" компаниясының атынан көп балалы отбасынан шыққан 1балаға мектеп сөмкесі және оқу құралдарымен көмектесті. ✳️Жақсылық жасау – күн шуағындай адам жүрегін нұрға бөлейді. Ал, балаға қуаныш сыйлау бақыттың биік шыңы. Осы орайда акция аясында мектеп оқушыларына көмек көрсетіп қол ұшын созған әрбір демеушілерге тағы да шексіз алғыс білдіреміз.




