Skip to content

ӘКЕЛЕР КҮНІ – ОТБАСЫ ТІРЕГІНЕ ҚҰРМЕТ КҮНІ Бүгін – Әкелер…

ӘКЕЛЕР КҮНІ – ОТБАСЫ ТІРЕГІНЕ ҚҰРМЕТ КҮНІ

Бүгін – Әкелер күні! Бұл – отбасының қорғаны, балаға бағыт беретін қамқор жан, тіршілік иығындағы ауыр жүкті үнсіз көтеріп жүрген әкелерге алғыс айтатын ерекше күн.

Әке – отбасының ұйытқысы, баланың алғашқы ұстазы. Оның әрбір ісі, сөзі – болашақ ұрпақтың мінез-құлқы мен өмірлік бағытына әсер етеді. Мектебімізде де әкелердің тәрбиелік ықпалына ерекше мән беріледі. Олардың белсенділігі, мектеп өміріне араласуы оқушылардың тұлғалық дамуына зор үлес қосып келеді.

📌 Бүгінгі күн – барша әкелерге алғыс білдіріп, олардың еңбегін бағалау күні. Мектебіміздің атынан барлық әкелерге зор денсаулық, отбасыларына амандық пен береке тілейміз! Балаларыңыздың әр жетістігі – сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің жемісі.

Әке – тек бала үшін емес, ұлт үшін де тұлға.

✨ Әкелер күні құтты болсын! ✨

#ӘкелерКүні #ОтбасыТірегі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *