Skip to content

⚜️Бүгін Есбол орта мектебінде Обылыстық Психологиялық қолдау орталығының мамандары “Аутодеструктивті…

⚜️Бүгін Есбол орта мектебінде Обылыстық Психологиялық қолдау орталығының мамандары “Аутодеструктивті мінез-құлық: қауіп факторлары, белгілері және алдын алу” тақырыбында ата-аналармен кездесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
⚜️Кездесу барысында мамандар балалар мен жасөспірімдер арасында кездесуі мүмкін тәуекел факторлары, ерте байқалатын белгілер, сондай-ақ олардың алдын алу жолдары туралы маңызды ақпаратпен бөлісті. Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.
⚜️Бұл шара ата-аналардың бала психологиясын терең түсініп, қиын жағдайлардың алдын алуға бағытталған ортақ жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
✔ Балалардың қауіпсіздігі мен психологиялық саулығы – басты назарда!
Индер Аудандық Білім Бөлімі
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы
Индер Тәрбие
Атырау Тәрбие Бөлімі
Атырау Облысы Білім Басқармасы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *