✅ Тақырыбы: "Білім -құндылық, білім -жүйе, білім -үрдіс, білім-нәтиже"
📚 Мақсаты: Қатысушы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыра отырып, мектепалды даярлық және бастауыш білім беру үдерісінде цифрлық платформаларды ( Quiver, wordwall) тиімді қолдану, оқу бағдарламасын құрастырудағы мұғалім шеберлігін дамыту және куррикулум дизайнына байланысты жағдаяттарды шешу дағдыларын жетілдіру.
Семинарды ашып, сөз сөйлеген М.Қ. Бисенгалиева семинардың жүру барысымен таныстырды. Ең алдымен психологиялық ахуал тудыру мақсатында бастауыш сынып мұғалімі А. С. Тайбуриева " Шар жарылсын, шабыт оянсын" деген сергіту сәті ұйымдастырылды. Сонымен қатар Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Ж.Иманбаева "Quiver және Wordwall" тиімді пайдалану тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
Бастауыш сынып мұғалімі Азиргалиева Д. А. " Оку бағдарламасы: Мұғалім шеберлігінің құралы" тақырыбында курстан алған ақпаратпен әріптестерімен талқылады. "Куррикулум дизайны" бойынша жағдаяттар берілді. Бастауыш сынып мұғалімі Қарағойшиева А.С өткізді. Әріптестерімізге Куррикулум дизайны деген не екенін,оның мақсатымен таныстырып, толык түсінік берілді және топтық жұмыс жасалды. Сөз соңында мектебіміздің директоры Г.К. Ерболатова мен оқу -ісі жөніндегі орынбасары М.К. Тулепова сөз сөйлеп кері байланыс берілді.
Өткізген: бастауыш сынып бірлестігі
Индер Аудандық Білім Бөлімі
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы
Индер Тәрбие
Атырау Тәрбие Бөлімі
Атырау Облысы Білім Басқармасы
