ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ 🛡️
Тақырыбы: «Жағымсыз эмоциялар мен сөздерге қалай әрекет етеміз?»
2025 жылдың 17 қараша күні Есбол орта мектебінде 10-сынып оқушылармен қауіпсіздік сабағы өткізіліп, жағымсыз эмоциялар мен ауыр сөздерге дұрыс реакция білдіру жолдары талқыланды.
Сабақ барысында:
🔹 Эмоцияны тану және бақылау тәсілдері;
🔹 Қарым-қатынаста сабыр сақтау;
🔹 Ренжітетін сөздерге жауап берудің қауіпсіз және мәдениетті жолдары;
🔹 Өз-өзін қорғау, өзіндік шекара қою әдістері;
🔹 Көмек сұраудың маңыздылығы
сияқты маңызды тақырыптар қамтылды.
Оқушылар мысалдар, топтық талқылаулар арқылы қиын жағдайларда қалай әрекет ету керектігін үйренді.
Бұл сабақ балалардың эмоционалды сауаттылығын арттырып, өз қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі. 🌱
Қауіпсіздік — әрқайсымыз үшін маңызды!
Индер Аудандық Білім Бөлімі
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы
Индер Тәрбие
Атырау Тәрбие Бөлімі
Атырау Облысы Білім Басқармасы

