📚 24 қазан – Кітапханашылар күні!
Бүгін — рухани байлықтың, білім мен мәдениеттің алтын қазығы саналатын кітаптың қадірін дәріптеп, ұлт санасын байытып жүрген жандардың мерекесі.
Кітапханашылар – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір, ұлт руханиятының жанашыры.
Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында талай жастың жүрегінде кітапқа деген сүйіспеншілік ұяланып, білімге жол ашылды.
Барлық кітапхана қызметкерлерін кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Шығармашылық табыс, жаңа ізденіс пен оқырманның ыстық ықыласын тілейміз!
Ізгі тілекпен: мектеп директоры Гүлжайнап Құбашқызы
#КітапханашыларКүні
#24қазан

