🌸 Есбол орта мектебінде “Ұстазым, Сізге мың алғыс!” онкүндігі аясындағы ерекше күн – “Ардагер ұстаздарға құрмет” күні өтті. 🌸
Бұл күні мектебіміздің тарихына із қалдырған ардақты ұстаздарымызға сый-құрмет көрсетіліп, жүрекжарды тілектер айтылды. 💐
Ардагер ұстаздардың еңбегін мақтан тұтып, алғыстарымызды арнап, шығармашылық өнерлерімізді тарту еттік.
Ұстаз – ұрпаққа шамшырақ, жүрекке жылу сыйлаған тұлға.
Біз, жас ұрпақ, Сіздердің өнегелі жолдарыңызды жалғап, биіктерден көрінуге уәде етеміз! ✨
🙏 Ардагер ұстаздарымызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілейміз.
Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз – біз үшін үлкен мектеп, сарқылмас қазына.
Индер Аудандық Білім Бөлімі
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы
Индер Тәрбие
Атырау Тәрбие Бөлімі
Атырау Облысы Білім Басқармасы
